Техникалық қайта жарақтану
Бүгін кәсіпорынның көп салалы өндірістік және сынақ базасы, дамыған аспаптық өндірісі, жоғары білікті кадрлары бар, бұл тұтынушылардың талаптарына ескеріп, өндіретін өнімдердің номенклатурасын үнемі кеңейтуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорын құрамында 6 негізге өндірістік бөлімшелер бар, онда жабдықтардың 1500 бірлігі пайдаланылған: металлкескіш, плазмалық кесу, пісіру, термиялық, гальваникалық, ұсталық-баспақтау, құю, ағаш өңдеу, пластмасса және резеңкені өңдеуге арналған жабдықтар, жүк көтеру құралдары.
«ПЗТМ» АҚ техникалық қайта жарақтанудың бірінші сатысының концепциясы жүзеге асырылған. Оған сәйкес дайындау, механикалық өңдеу, пісіру және аспаптық өндіріске арналған заманауи өнімділігі жоғары жабдықтардың 58 бірлігі сатып алынған. Сатып алу өз қаражаты есебінен де, сонымен қатар, «БРК-Лизинг» АҚ қаражатының көмегімен де жасалған. Озық жабдықтарды енгізу кәсіпорынның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтуге және жаңа технологиялық үдерістерді меңгеруге мүмкіндік берді, соның ішінде:
- токарлық, тік және көлденең-қашау өңдейтін орталықтарда көп аспапты бағдарламалық өңдеу;
- сандық бағдарламалық басқаруы бар пішу кешенінде бет илемін газоплазмалық кесу;
- беттерді гидравликалық гильотиндік қайшылармен кесу;
- болаттарды үстіртін иондық азоттау және оларды нығайту;
- бөлшектерді шыныққан болаттан жоғары жылдамдықпен электр эрозиялық кесу;
- өңдеу орталықтарында қалыптар мен баспаққалыптарды бес білікті көп аспапты бағдарламалық өңдеу;
- бронды болаттарды плазмалық кесу;
- алюминий, титан қорытпаларын, тот баспайтын болаттар мен бронды пісіруге арналған импульстік режимдегі MIG/MAG және TIG пісіру;
- көміртекті және тот баспайтын болаттардың қосындысы қабаты астындағы автоматтық пісіру;
- құбырларды орбиталық пісіру бастиегін пайдаланумен аралық пісіру;
- аспапты сандық бағдарламалық басқаруымен қайрау жартылай автоматында қайрау және тегістеу.
Жоғары өнімді кесу аспабын пайдаланып, заманауи өңдеу орталықтарында байытылған өңдеуді пайдалану, әзірлемелерді таспалы-аралау білдектерінде кесу және металлды плазмалық пішу кешенінде ақырғы өлшемдеріне дейін немесе механикалық өңдеуге ең аз әдіптермен пішу өндіріс циклін қысқартуға, бөлшектер мен жинақтау бірліктерін өндірудің қиындығын төмендетуге мүмкіндік берді.
Өндірісті жаңғыртудың екінші сатысын өткізу мақсатында екі жобаның қаржылық-экономикалық негіздері әзірленген. Жобаларды қаржыландыруды кәсіпорынның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен бюджеттік инвестициялар есебінен өткізу жоспарланып отыр.
«ПЗТМ» АҚ өндірісін технологиялық жаңғырту» жобасы аясында 2018-2020 жылдар аралығында 38 бірлік жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз ету жиынтығы сатып алынды.
Номенклатураға металл өңдеу, бақылау-өлшеу, дайындау, гальваникалық, термиялық, дәнекерлеу жабдықтары және Solid CAM бағдарламалық жасақтамасы кіреді.
Заманауи озық технологияларды енгізу техниканың трансмиссиясы мен редукторлық топтарының барлық қажетті элементтерін, оның ішінде шеберлі тісі бар конустық тістегершіктерді дайындауға және «қатты» беттерді фиништік өңдеудің заманауи әдістерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 3, 4 және 5 осьтік өңдеу орталықтарында озық құралды пайдалана отырып, концентрацияланған өңдеу әдістерін қолдану бөлшектер мен тетіктердің қажетті гаммасын дайындауды, бұйымдардың еңбек сыйымдылығын төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Гидравлика элементтерін суперфиништі өңдеуге арналған жабдықты пайдалану ілу домкраттарын және бұрғылау қондырғыларын және ІҚМ арналған көтергіштерді көтерудің гидроцилиндрлерін өндіру кезінде бөлшектердің сапасына қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді. Заманауи жабдықты пайдалану өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың міндетті шарты болып табылады. Координаталық өлшеу машинасы жобалық құжаттаманың талаптарына сәйкес қажетті сапа мен сәйкестендіруді, сондай-ақ шетелдік компаниялармен өнімді бірлесіп шығару кезінде қажетті сәйкестендіруді қамтамасыз етеді. Заманауи гальваникалық өндірісті құру шығарылатын техниканың сенімділігі мен ресурсы және экологиялық стандарттарға сәйкестігі бойынша қажетті талаптарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Заманауи дәнекерлеу, жылу және дайындау жабдықтарын қолдану кәсіпорынның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтуді, шикізат пен материалдарды үнемдеуді қамтамасыз етеді.
Заманауи гальваникалық өндірісті құру шығарылатын техниканың сенімділігі мен ресурсы және экологиялық стандарттарға сәйкестігі бойынша қажетті талаптарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Solid CAM бағдарламалық жасақтамасы – АББ бар токарлық, фрезерлеу және токарлық-фрезерлік білдектерге арналған басқару бағдарламаларын тез әрі оңай жасауға арналған құрал. Solid CAM-ды SOLIDWORKS графикалық пакетіне біріктірілген пакет ретінде пайдалану толыққанды CAD/CAM жүйесін құруға мүмкіндік береді.
«ПЗТМ» АҚ өндірісін технологиялық жаңғырту» жобасын іске асыру шығарылатын өнімнің энергиялық тиімділігін арттыру бөлігінде Энергия менеджменті жүйесі талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.