/ рус / eng

Әртүрлі кесетін қосалқы құрал-жабдықтарды, заманауи өңдеу орталықтары үшін  үдемелі жабдықтарды қолданумен орындау әбзелдерін, металл өңдеу,соның ішінде бақылау құралдарын даярлау.

«ПЗТМ» құрал-сайман өндірісі АҚ өндірістің келесі технологиялық қайта істеу тұйық циклі бар:

  1. Дайындау өндірісі;
  2. Механикалық өңдеу:

2.1 Пресс-пішін мен қалыптар даярлайтын бөлім.Бөлімде ққалыптардың барлық түрлері даярланады:шабу,қию,суық және ыстық қалыптамаға арналған ию қалыптары,ию жасамалары,гильотин пышақтары,практикалық түрғыдан кез келген күрделіліктегі пуансондар мен ұяқалыптар,РТИ даярлауға арналған дөңгелек сақиналардан бастап күрделі манжеттерге  дейінгі пресс-пішіндер.Бөлімде НЕDELIUS RS  80 атты жонғыш жоғарғы жылдамдықтағы 5 білікті өңдеуші орталық және күрделі үстіңгі қабаттарды өңдеуге мүмкіндікті кеңейтетін CHMER 530 атты жоғарғы жылдамдықты элекроэрозиялық станок тұтынуға енгізілген.

2.2 Кесу және өлшеу құралдарын даярлайтын бөлім.Бөлім номенклатурасына:жонғы кескіштердің барлық түрлері мен өлшемдері, ұшы конустық және цилиндрлі спиральді бұрғылар,үңгуіштер, ұңғылағыштар,бұранда қиюға арналған бұранда кескіштер, машиналық және қолды бұрандаойғыштар,үлгі кескіштер,арнайы құралдар жатады.Бақылау-өлшеу құралдарының кең гаммасына:0,003-0,001 мм технологиялық дәлдік шегі бар тексеру жабдықтарына арналған жиекқұрсаулар,дөңгелек тегіс мөлшерлегіштер,контрмөлшерлегіштер, қимаүлгілер,арнайы өлшну құралдары жатады.

2.3 Технологиялық әбзелдер даярлау бөлімі.Бөлім жабдығы кең спектрлі технологиялық құралдар: тіс фрезерлегіш станогына арналған айлабұйым,тартып өңдейтін білдекке арналған бейімдеуіш,бұрғылайтын станокқа арналған кондуктор,термоөңдеуге арналған айлабұйымдар даярлауға мүмкіндік береді.
2.4 Тісөңдеу -  диаметрі Ф500 мм-ге дейінгі модулі 10-ға дейінгі тура тісті тістегеріш,диаметрі 250 мм-ге дейінгі ілініс бұрышы 30-ға,модулі 8-ге дейінгі қиғаш тісті тістегеріш даярлау.

3. Термиялық өңдеу:
Үдеріс температурасы 1050 °С–қа дейін болатын көміртекті,қоспаланған болат шынықтыру. 

Жасыту,қалыптандыру,ескіру.
Карбонитрлеу.
Үдеріс температурасы 1200-1300 °С тұзды ваннада аспаптық болатты шынықтыру.

ИОН-30М жәнеИОН-75И-2 қондырғыларын иондық азоттау.
Булат 1В қондырғысында вакуумда қаптама салу.

 

4. Бұйым мен бөлшектерді гальваникалық өңдеу:

 

 

 

5. Өлшеу құралдарын ұсақ,орташа жөндеу,штангенциркульді ,саңылау-өлшегішті,айғақтауыш бастиекті,рейсмустарды,микрометрлерді өлшеу құралдарын күрделі жөндеужәне т.б.
6. Пісіру қайта істеуі:

7. Термопластикалық және термореактивті материалдардан резеңке техникалық және пластмасса бұйымдарды дайындау.Сақиналар,жай ұяқалыптар,бекіту ұяқалыптары,тығыздамалар,тозаңдамалар,сақина піспектерін резеңкелеу.

ПЗТМ 2012-2024 ж.