Бірінші өнім
1948 жылғы 5 қарашада Одақ Министрлер Кеңесінің №4137-1658 Қаулысына сәйкес Қазақстанның солтүстігінде машина жасау кәсіпорны құрылысы туралы шешім қабылданды. 1960 жылдың қыркүйегінде алаңында алғашқы зауыт өнімі АПП-125 астық тиегішін дайындау өріс алған бірінші корпус пайдалануға тапсырылды. Астық тиегіштердің тауарлық партиясы 1961 жылғы 30 наурызда жасалды. Осыдан бастап Петропавл ауыр машина жасау зауытының өндірістік жұмысы есебі басталды.
Әскери техниканы өндірудің басталуы
1962 жылғы 5 маусымда көліктік-түйіспелік арбаның алғашқы үлгілері аяқталып, сыналды. Қабылдау-тапсыру комиссиясы қорғаныс техникасына және пайдалануға жарамдылық туралы қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы шешім шығарды. ПЗТМ-де әскери техника өндірісінің қырық жылдық кезеңі басталды, ол кәсіпорын шығаратын өнімнің 90% құрады.
Зымырандар
Әскери-өнеркәсіптік кешен жүйесінде құрылған Петропавл ауыр машина жасау зауыты екі бағыт бойынша мамандандырылды: зымырандар және олардың құрама бөліктері, жер үсті жабдықтары және түрлі типтегі зымыран кешендері. ПЗТМ «Темп-С» кешені балластикалық зымыранның, «Точка» және «Точка-У» кешені зымыранының бірінші және екінші сатыларының қозғалтқыштар тұрқын, «Ливень» кешенінің қайыққа қарсы гравитациялық снарядтарын, зерттеу және метеорологиялық зымырандарды өндірген.
Жедел-тактикалық зымыран кешені
1965 жылғы мамырда, КСРО Министрлер Кеңесінің және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің өзі жүретін іске қосу қондырғыларының доңғалақты нұсқасының сериялық өндірісін ұйымдастыруды қамтамасыз ету туралы Қаулысына сәйкес, ПЗТМ-де «СКАД» зымыран кешенінің бастапқы агрегаттарының алғашқы партиясы жиналды.
1979 жылы ПЗТМ-де «Ока» жедел-тактикалық кешенінің алғашқы іске қосу қондырғылары мен көліктік-оқтау машиналары жасалып, әскердің қарулануына берілді.
1977 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» жаңа техниканы жасау, сынау және өндірудегі үлкен сіңірген еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
ПЗТМ «Точка», «Точка У» жедел-техникалық кешенінің толықжинақты өндірісі жөніндегі басты кәсіпорын болып табылған. Зымыранның сериялық өндірісі 1973 жылы басталды.
1993 - 1995 жылдары «Точка-У» зымыран кешендерімен Қазақстанның Қарулы Күштері жарақтанды.