/ рус / eng

Арнау:
Барлау,тұтыну ұңғымаларын бұрғылау,КРС өткізу,соның ішінде әрекет үстіндегі ұңғыманың екінші оқпанын жасау және ұңғыма құрылысының басқа да жұмыс түрлерін орындау.

Құрылымдық ерекшеліктер мен артықшылықтар:
Бұрғылау қондырғысы бір ұңғымадан екіншісіне көшіруге кететін уақытты барынша азайтып және жедел әрекеттілікті қамтамасыз ететін әмбебап тартқыш көмегімен жартылай тіркемелерге қондырылған бірнеше жеке блоктардан тұрады.

Тоқтаусыз жұмыс қорын «WPT» фирмасының пневматикалық жалғастырғыш қосу жетектері және  Allison HD 47000FS 

трансмиссиялары,Caterpillar  С-15,
С-18 күшті қозғалтқыштарын қолдану қамтамасыз етеді.

Жетек гидрожүйесін қондыру қосымша қуат алу қорабы арқылы жүзеге асады,бұл ұңғымада электр энергиясын қоспай-ақ жинақтау,бөлшектеуді жүргізуге,түсіру-көтеру операцияларын орындауда жетекті жүксіздендіруге мүмкіндік береді.

 

Жел тарту діңгектерін бекіту  роторасты негіздің көлденең арқалық консольдарында жүзеге асады,бұл зәкір орнатуды керек етпейді және жедел әрекетті көтереді.

Жүк тартқышта күш салу динамометрлердің бар болуы
      
Екі пневматикалық желінің бар болуы (негізгісі көтергіштің компессорынан,
көмекшісі компрессор блогынан) керек болғанда ауаның берілуін күшейтуге немесе қосарлануын қамтамасыз етеді.

Бұрғылаушы алаңындағы бұрғылау сорғышы жұмысының параметрлерін реттеу мүмкіндігі.

Мұнараның жоғарғы секциясының шығарылуы бұрғылау жүкшығыры арқылы жасалады,ол негізгі немесе авариялық жетек те болуы мүмкін.

Бұрғылаушы пультынан пневмобасқарылатын  ротор тежегішінің бар болуы.

Бұрандалы қосылуларды пайдаланбай,жүйенің ажырату элементтерінің  оригиналды қосылуы блоктарды жинақтау мен бөлшектеу уақытын азайтуды қамтамасыз етеді.

Көпмодульді энергокүшті бірікпенің ішінде орналасқан:
- Трансформаторлық модуль;
- Комплекс жұмысының параметрлерін басқару модулі;
- Компрессор блогы мен дизельді генетатор модулі.
-
Бұрғылау параметрлерін архивті бақылау жүйесі бұрғылау жұмыстарының дұрыс жүзеге асу жүрісіне және түсіріп көтеру операцияларына бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұрғылау параметрлерінің бұрғылау шебері ПК-на режимді уақытта жазбасымен бірге шығуына мүмкіндік қарастырылған, одан басқа энерготәуелсіз негізгі параметрлер жазбасы бар блок та бар. (ілмектегі салмақ пен беруші манифольдіндегі қысым)

 

Техникалық сипаттама

Көтерім қондырғы

Ілмектегі номинал жүктеме Кн (т) 1250 (125)
Құрастырғыш база Өзі жүретін
Төтелегіш тұғыр
“Caterpillar” дизельді қозғалтқыш (кВт) 448
Бұрғылау колоннасының пагонды метр  салмағы30 кг/м болғандағы бұрғылаудың есептеу тереңдігі 2500
Негізгі  жетектен ілмектің көтеру жылдамдығы (м/с) 0..1,59
Бұрғылау шамының ұзындығы, м 18-20
Алдыңғы грані ашық телескопиялық,екі секционды мұнара  
Мұнара биіктігі, м 35,7

Роторасты негіз

 

Бұрғылау алаңы еденінің жерден  биіктік  белгісі, м 5,2
Негіз блогының бұрғылау жұмыс алаңы асты мөлшері, м 5 х 5 х 5
Жерден роторасты арқалықтарына дейінгі ара қашықтық (превентор блогын еркін орнатуды қамтамасыз етеді),м

4,06

Сорғы бірікпе

Бұрғылау сорғысы үшпіспекті
Негізгі бұрғылау сорғыларының саны, д. 1 немесе 2 – тапсырыс берушунуң талабы бойынша
Бұрғылау сорғысының қуаттылығы, кВт 235 -тен 735-ке дейін
Мінсіз берілім (ең үлкен), л/с 30 –дан  41-ге дейін
Жетек түрі Дизелден немесе электрожетек

Циркуляционды жүйе

Циркуляционды жүйе Бірікпе-модульді
Циркуляционды жүйе сыйымдылығының пайдалы жиынтық көлемі, м3 120
Жиынтықтағы бұрғылау ерітіндісі сыйымдылығына арналған болатқұрылым 3
Бұрғылау ерітіндісін араластырушы
- механикалық
- гидравликалық

6
8

Құмды бөлек алушы 1
Ұйықты бөлек алушы 1
Дегазатор (вакуумды) 1
Шламды сорғы 4
Жартылай тіркеме 3
Толтыра құю сыйымдылығы, м3 3
Технологиялық бірікпе 1
Көлем, м3 40
Шламды сорғы 1

Кешеннің энергожүйесі

Дизельді - электростанция, қуаттылық  400 кВт 1
10 кВ өндірістік желіге қосылған 380 Вольт қосалқы станция 1
Бақылау және коммутационды аппаратура 1

 

ПЗТМ 2012-2024 ж.